«Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан тамыз айының соңына дейін бізде қайтыс болған вакцинацияланған азаматтардың саны 482 адам құрады, бұл КВИ-ден қайтыс болғандардың жалпы санының шамамен 5% — ын құрайды. Бірақ өлгендердің басым көпшілігі вакцинацияланбағанын түсіну өте маңызды» деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Ол вакцинацияланғандар арасындағы өлім-жітімнің өсуін ағымдағы жылдың жазында ауру жұқтырудың өсуімен түсіндіреді.
Айта кетейік, қайтыс болғандардың 23-і CoronaVac, 371 адам «Спутник V», 75 адам қытайлық Vero Cell және Hayat-Vax, 13 адам QazVac вакцинасын алған. Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау науқаны басталғаннан бері бірінші дозаны — 7 524 609, екінші дозаны – 6 408 099 қазақстандық алған.