Сoronavirus2020.kz ұсынған статистикаға сүйенсек, әлем 200 миллиондық межеге жетті. Бір апта бұрын Джонс Хопкинс университеті КВИ инфекциясы туралы жасаған болжамға әлем бірнеше күнде-ақ жетті. Статистикаға сәйкес анықталған COVID-19 эпизодтарының жалпы саны 200 014 602-ді құрады, эпидемиядан көз жұмғандар саны – 4 252 873 адам. АҚШ-та вирус жұқтыру бойынша 35 292 721 жағдай анықталды және 614 666 адам қайтыс болды, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.
Одан кейін 31 769 132 дерекпен Үндістан екінші орында тұр. Алғашқы үштіктегі тағы бір ел Бразилия – 19 985 817 жағдай. 4 млн және одан да жоғары көрсеткіш Ресей, Франция, Ұлыбритания, Түркия, Аргентина, Колумбия, Испания, Италия және Иранда тіркелді. Вакцина алмаған адамдар көз жұмудың жоғары қаупі бар тәуекел тобында. Латвияда маусым айында қайтыс болғандардың 99,2%-і COVID-19 салдарын көз жұмған, оның 117-сі – вакцина салдырмағандар. Басқасы екпе курсын толығымен аяқтамаған.
COVID-19 бойынша ауыр асқынумен ауруханаға түскендердің басым көпшілігі – созылмалы ауруы бар егде жастағы науқастар. Латвияның аурулардың алдын алу және бақылау орталығы COVID-19 вакцинациясынан өткен адамдар арасында вирусқа шалдығу деректері аз тіркелетінін, ал жұқтырған жағдайда ауру жеңіл түрде жүретіндігін және сирек жағдайларда стационарлық ем талап етілетінін мәлімдеді.