RSS лента

Қазақстанға қытайлық жаңа вакцина келе бастады...

  • 10.08.2021, 12:26,
  • 609
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанға қытайлық Vero Cell вакцинасының алғашқы рейсі келді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Air Astana әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайына қонды. Бейжіңнен Қазақстанға қытайлық Sinopharm компаниясы әзірлеген Vero Cell вакцинасының бірінші жартысы келді. Бір миллион дозаны екі рейспен жеткізу «СК-Фармация» ЖШС тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

 

Препараты бар алғашқы рейс бүгін сағат 12:30-да Алматыға келді. Екінші рейс 11 тамызда сағат 13:20-да келеді деп күтілуде. Жалпы салмағы 20 тонна вакцинасы бар жүк термоконтейнерлерде 2°С-тан 8°с-қа дейінгі диапазонда температуралық режимді сақтай отырып тасымалданады, ол 72 сағатқа дейін логистикаға мүмкіндік береді.

 

Air Astana қазақстандықтарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың үлкен таңдауымен қамтамасыз етуге ұмтылып Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтасады. Біз жаппай вакцинациялаудың арқасында Қазақстан жақын арада ұжымдық иммунитетке жетеді деп үміттенеміз, бұл елдегі ауру жұқтырудың деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі, – деді Air Astana жүк тасымалының басқарушы директоры Жанна Шаяхметова. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости