Сондай-ақ, ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасының тағы бір миллион дозасы жеткізілмек. Бұл аурудан айыққан адамдарға арналған.
«Қазір Қазақстанға 150 мың доза келе жатыр. Келесі аптада жетеді деп ойлаймын. Қарағандыдағы зауытта барлығы 750 мың доза өндірілді. Техниканың жұмысы оларды аймақтарға жеткізу, бір апта ішінде көлем орындалады деп ойлаймын. Сонымен қатар, келесі айда қарағандылық фармзауыт бір миллион доза шығарады.
Бұдан бөлек, «Спутник Light» вакцинасының миллион дозасы болады. Ресей үкіметімен келісім бар. Ал, қазір үш миллионға жуық «Sinovac» келеді деп күтілуде. «Файзермен» де сөйлесіп жатырмыз» деді министр.