Тінту кезінде сырт киім қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар 12 орам тәркіленді. Сондай-ақ, пәтер ішінен ыдыста кептірілген көкнәр шөбі және жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 29 сіріңке қорабы табылды.
Айта кетейік, күдіктінің бұрын-сонды есірткі заттарын сақтаған деген күдікпен сотталғаны анықталды.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша алынған заттардың салмағы 4,04 грамм болатын аса ірі мөлшердегі «экстракциялық апиын» есірткісі екені белгілі болды. Экстракциялық апиын – шикі апиыннан әртүрлі өңдеу және суды буландыру арқылы алынатын есірткі өнімі. Бір дозасының адам ағзасына әсері алты есе жоғары.
Қазір күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.