Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды. AtyrauPress мәлім еткендей, Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәлім етуінше, лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдіктенуде.
«Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды» делінген баспасөз хабарламасында.
Мемлекетке бір миллиард теңгеден астам шығын келген. Екі күдікті қамауға алынды, үшіншісі үйқамақта. Осыған дейін хабарлағанымыздай, жер телімдерін беру кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін жер қатынастары және сәулет бөлімінің бұрынғы басшылары, сондай-ақ Атырау қаласы әкімі аппаратының қазіргі заң бөлімінің басшысы күдікке ілінген. Атырау облысының прокуратурасы қылмыстық іске үш адамның қатысы бар екенін хабарлады.
«Бұл жер қатынастары және сәулет бөлімінің бұрынғы басшылары және қазіргі Атырау әкімі аппаратының заң бөлімі басшысы, олар жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Деректі прокуратура органдары Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық») және Қылмыстық кодекстің 361-бабы («Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша тіркеді» деді Атырау облысының прокуратурасы өкілдері.
Қылмысқа күдіктілер Атырау қаласының бас жоспары бойынша тұрғын үй салуға тыйым салынған және қарастырылмаған демалыс аймағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін берген. Кейбір аудандарда құрылыс жүріп жатыр.
«Бұрынғы шенеуніктер берген барлық жер теліміне бұғат қойылды. Мемлекетке бір миллиард теңгеден аса шығын келтірілді. Екі күдікті қамауға алынды, үшіншісі үйқамаққа алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды» деп қорытындылады қадағалау органы.