RSS лента

Бүгін Бақытгүл Хаменованың екінші сот отырысы өтіп жатыр

  • 11.08.2022, 10:02,
  • 3 154
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың екінші сот отырысы басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова айыптау актісінің көшірмесін алмағандықтан сот отырысы 11 тамызға, яғни, бүгінге ауыстырылған болатын.

 

Облыстық соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім еткендей, аталған тұлғалар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы серіктестік басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген.

 

Еске сала кетсек, Бақытгүл Хаменова былтырғы желтоқсанда қамауға алынған еді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости