RSS лента

Өзенмұнайгаз мемлекетке 46 млн. теңгеден астам залал келтірді

  • 02.06.2023, 15:42,
  • 685
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары мемлекетке 46 млн.теңгеден астам залал келтірді деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Бауржан Мамбетсапаев өз лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келгені бойынша күдікпен ұсталды.


Қалың қалтадан айырылып қалудан қорқып, бұндай әрекетке барған тұлғаның ісі әшкере болды. Өзенмұнайгаздың барлық келісімшарттары Б.Мамбетсапаев арқылы өткен. Бұған қоса өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-на заңсыз кіргізген.


Б. Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн.теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан.


Бүгінде Мамбетсапаев Бауржан Сайлаубаевич құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады. Оның басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджеттік қаражаттарды жымқыру фактілері тексерілуде.


Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу жұмыстары жалғасуда. Қылмыстық процестік кодекстің  201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды.


Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Астанада жүздеген жаңаөзендік мұнайшы пикет ұйымдастырған еді. Бүгінде Б.Мамбетсапаевтың заңсыз әрекеттері бұл дауға себеп болған басты фактор ретінде қарастырылуы мүмкін. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости