RSS лента

Шымкентте шетел валютасы мен есірткі сатумен айналысқан топ анықталды

  • 28.07.2023, 09:54,
  • 404
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com/publicdomainpictures

ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласында аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттері анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Агенттіктің хабарлауынша, тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 кг болатын оралған гашиш табылып, тәркіленді.


Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Шымкенттің 2тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости