RSS лента

Жаңаөзенде жарылыстан 11 адам зардап шекті

  • 17.04.2023, 09:06,
  • 439
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Министрліктің хабарлауынша, бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.


Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталуда.


"Оқиға орнындағы үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды" - делінген. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости