RSS лента

Теңіз қалашығында жарылыс болды

  • 06.07.2022, 23:27,
  • 482
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Бүгін сағат 9:55 шамасында Жылыой ауданы Теңіз шамасында құбыр жарылып, қос қызметкер қайтыс болды. Оқиға бойынша тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ПД хабарлады. Сағат 09:55 шамасында Жылыой ауданы Теңіз шамасында құбыр жарылды. Салдарынан «Сенімді Құрылыс» ЖШС 1985 жылы туған қызметкері сол жерде қаза тапты. «Теңізшевройл» ЖШС клиникасында «Агропром техника» ЖШС жұмысшысы 1985 жылы туған азамат қайтыс болды. Түрлі дене жарақатын алған «Onstream Kazakhstan» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС, «Мұқан сервис» ЖШС жұмысшылары 1996, 1993 және 1996 жылғы азаматтар үш қызметкерге медициналық көмек көрсетілді. Сағат 13:15-те «Теңізшевройл» ЖШС әуе кемесімен 1996 жылғы «Onstream Kazakhstan» ЖШС жарақат алған қызметкерінің жағдайы ауыр деп бағаланып, Атырау қаласындағы облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.


ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, Теңіз кен орнындағы жарылыс үшінші буын зауытының 42-учаскесінде гидротест жүргізу барысында құбыржолының фланецті қосындысы үзіліп кеткендіктен болған.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости