Бұл туралы РИА Новости мәлім етті. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі атыс сәрсенбі күні Атырау уақыты бойынша 11.30-да Арарат облысының Ерас ауылы маңындағы шекара учаскесінде болғанын хабарлады.
Ведомство өкілдері Ереван қатаң реакция туралы ескертіп, «Әзербайжан тарапының кезекті арандатуын қатаң айыптайтынын» мәлімдеді.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі де өздерінен әскеридің жарақат алғанын мәлімдеді.
«14 шілдеде шамамен сағат 10.00-де армян қарулы күштерінің әртүрлі калибрлі қарудан жасалған бөлімшелері армян-әзербайжан мемлекеттік шекарасындағы Нахичеван Автономиялық Республикасының Садарак ауданы бағытындағы Әзербайжан армиясының позициясына оқ жаудырды. Соынң кесірінен Әзербайжан армиясының әскери қызметкері Марданлы Ибадулла Махсудоглу жарақат алды. Әскериге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ол медициналық мекемеге жіберілді» деді Әзербайжан әскери бөлімінің өкілдері.