Президент Ереванның үлкен соғысқа дайындалып жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, Армения басып алынған аумаққа адамдарды қоныстандырып жатыр, бұл – барып тұрған қылмыс және ешбір халықаралық келісімнің талабына сай келмейді.
"Бұның бәрі де саналы түрде әдейі жасалып отыр. Биылғы шілдедегі армян-әзербайжан шекарасында орын алған қарулы қақтығыс та тегін емес, бұл да Ереван тарапынан ұйымдастырылып отырған арандатушылық" деп мәлімдеді ол.