RSS лента

Депутаттар коронавирусты симптомды жұқтырғандардың бәрін ауруханаға жатқызуға шақырды

  • 17.06.2020, 17:44,
  • 1 386
  • 0
  • Автор:

Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Меруерт Қазбекова елдегі коронавиурспен күрес мәселесі бойынша премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Ол коронавирусты симптомды жұқтырғандардың бәрін шұғыл ауруханаға жатқызуға және ұлттық деңгейде карантин енгізуді қарастыруға шақырды, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Қазбекова атап өткендей, коронавируспен күрес шеңберінде Үкімет алғашқы кезеңде қолға алған карантиндік шаралар елдегі эпидемияның өршуін біраз баяулатуға көмектесті. Оның сөзінше, бірқатар өңірлерде карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін жұқтыру дерегі күрт көбейіп, өлім жағдайы жиіледі. 

 

«Ауруханаға жатқызудан бас тарту, бос орын қалмаған провизорлық орталықтардағы тиісті үрдістердің атқарылмауы, медқызметкерлерге арналған қорғаныс құралдарның тапшылығына байланысты арыздар түсіп жатыр. Министрлік емханаларда орын мен қорғаныс құралдары жеткілікті екеніне сендіргенімен, оның арты біраз сынға ұшырауда. Өйткені, шенеуніктер тек статистикаға жүгінеді, ал, адамдар нақты мәселемен бетпе-бет жүздесуде. Бірақ, олардың бәрі де – мемлекет қорғауға міндетті біздің азаматтарымыз», - деді мәжілісвумен.


Сонымен бірге, ол азаматтардың көп бөлігі COVID-19-ке тапсырылатын тесттің (15 мың теңгелік құнына қарамастан) тапшылығына қатысты арызданатынын айтып өтті. Тіпті, астананың өзінде бұл тестті тапсыру үшін кезекті екі күн бұрын алып қою керек екен. Нәтижесі де дер кезінде берілмейді. Кезек мәселесіне байланысты ақпарат Алматы, Шымкент, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысынан және Түркістаннан түсіп отырғанын хабарлады депутат.  

 

«Бұл жерде қауіпсіздік шараларына құлақ аспаған адамдардың өздері де кері әсерін тигізді. Сондықтан біз қауіпті аумақтарда карантинді күшейтуді қолдаймыз. Мұндай үрдіс бюджеттен бөлінген қомақты қаржы мен алғашқы айлардың тәжірибесіне қарамастан,  министрлік пен әкімдіктердің коронавиурспен күресті жеткілікті ұйымдастырмағанын көрсетіп отыр», - деп мәлімдеді ол. 

 

"Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы сұрайды: 


- коронавирусты симптомды жұқтырғандардың бәрін ауруханаға жатқызу, оқшауланған елдімекен тұрғындары мен емханалардағы науқастарды эвакуациялау үшін санитарлық пойыз шығару; 


- тұрғындарды толық тестпен қамту, соның ішінде, аз қамтылғандарға тегін негізде;  


- ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізу мүмкіндігін қарастыру", - деп түйіндеді Қазбекова.  

 

Депутаттың Turantimes.kz редакциясына түсіндіріп өткеніндей, ұлттық деңгейде деген, бұл халықтың тіршілік әрекеті тоқтайды деген сөз емес. Бұл жалпыұлттық карантиндік шараларды енгізу дегенді білдіреді. Яғни, барлық аймақтарға арнап ортақ ережелерді жасақтау деген сөз. Бұған өңірлерді қаржыландыру да кіреді.   

 

«Яғни, қазір министрлі кпен үкімет оқшауланып, әр өңір өзінше тырмысып жатыр» деп атап өтті жалпыұлттық карантин енгізу керектігін түсіндірмекші болған депутат.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости