Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Теймур Мұсаев ӘР Министрлер кабинеті жанындағы жедел штабтың кезекті брифингі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің орынбасарының айтуынша, Әзербайжан коронавирусқа қарсы вакциналардың барлық өндірушісімен препаратты елге тұрақты әкелінуін қамтамасыз ету мақсатында келіссөздерді жалғастыруда. Бүгінгі таңда елде тек CoronaVac, Vaxzevria сияқты қауіпсіз және тиімді вакциналар қолданылады, жақында «Спутник V» партиясы жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, бүгінде Әзербайжанда 600 мың адам вакцинаның екінші дозасын алды.
«Вакцинаның екі дозасын алған азаматтар арасында ауырғандар саны өте төмен, ал коронавирус жұқтырғандар аурудың ауыр түрінен қорғалған», – деді Мұсаев.
Сондай-ақ Әзербайжан Парламентінің депутаты А. Бадамов елдегі вакциналаудың салыстырмалы түрде төмен қарқынын дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігімен емес, оны насихаттау бойынша тиісті жұмыстың жоқтығымен байланыстырады. Осы уақытқа дейін Әзербайжанда 1,4 миллион доза вакцина қолданылып, ел халқының 14%-ы егілді. Республикада коронавирус жұқтырғандар саны біртіндеп төмендеуде, бұл жалпы оң қарқынды көрсетеді. Авторы Серікбол Көшмағанбетов