RSS лента

COVID-19: Екпеден қауіп бар ма?

Ұйымдасқан қылмыс әлемі коронавирусқа қарсы вакцинацияны өздерінің қылмыстық мақсаттарында пайдаланып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мұндай ескертуді «Европол» Еуропалық одақтың құқық қорғау ведомстволарының басшысы жасады. Ресми coronavirus2020.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, Европолдың атқарушы директоры Катрин де Болльдің сөзінше, еуропалық орган ЕО-ға мүше елдерге халықты вакциналау кезінде аса қырағы болу керектігі жөнінде ескерту жолдаған.

 

«Қылмыстық топтар вакцинаға қажеттілікті өз мүдделерінде пайдаланып кететініне қатысты нақты қауіп бар» деді К.Болль.

 

Еурополдың болжауынша, қаскөйлер псевдовакциналарды сатуы мүмкін. Соңында тапсырыс беруші зардап шегеді.

 

«ЕО аумағында қолдануға рұқсат етілген Pfizer вакцинасының тасымалдануы қатаң түрде реттелген және ол жергілікті полицияның ілесіп жүруімен жүзеге асырылады. Сондықтан, қылмыскерлерге оны қолға түсіру қиынға соғады. Алайда, бұл олардың әрекеттеріне тосқауыл бола қоймас» делінген ақпаратта.

 

Коронавиурсқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцина Пуурс елді мекеніндегі Pfizer компаниясының зауытында шығарылуда және жерүсті транспортымен Еуропа бойынша жеткізілуде. Медициналық препаратты тасымалдаудағы талап -70 градус температураны сақтау.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы аптада Еуропаның 7 елінде коронавирусқа қарсы егу басталды. Кеше Германияда вакцинаны алғашқы болып 101 жастағы кейуана алды. Сондай-ақ вакциналардың алғашқы партиясы Франция мен Нидерландыға жеткізілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости