RSS лента

Бейіт маңынан жоғалған шопанның денесі табылды

  • 08.06.2023, 19:33,
  • 579
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Атырау облыстық ТЖД

Мамырдың соңында жоғалғанекі қойшының бірі өлі табылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«24 мамырда шаруа қожалығынан шығып, кері оралмаған 37 жастағы шопанды іздеу тоқтатылды. Оның денесі аудан орталығы Құлсары қаласынан 40 шақырым жерде табылған. Ол шыққан шаруа қожалығы қаладан 70 шақырым жерде орналасқан. Жоғалған адамды іздеу үшін "Қазавиақұтқару"АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Полиция ер адамның не себепті өлгенін анықтап жатыр. Ал, екінші адамды Құрманғазы ауданында іздеу жалғасуда. Онда 1963 жылы туған ер адам 26 мамырда аудан орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан Қошалақ елді мекенінде шаруа қожалығынан мал іздеуге шығып, қайта оралмады» делінген Жылыой ауданының полиция бөлімінің хабарламасында.

 

Оставить комментарий
Последние новости