RSS лента

Атыраулықтар наразылықтарын білдіру үшін әкімдіктің алдына жиналды (+видео)

  • 13.09.2020, 23:00,
  • 1 157
  • 0
  • Автор:
Автор фото: *Ашық көздерден

Атырауда Жылыой ауданынан жоғалған азаматты іздеуге қатысты шу шықты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Жергілікті тұрғындар іздестіру шаралары тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын айтып, аудандық әкімдік алдына жиналды. Туыстары осы істе бір азаматтан күдіктенетінін аудан әкіміне айтқан екен. Бұл туралы атыраулық журналист Жаннат Молдашева өзінің Facebook парақшасында жазды.


Айта кетейік, із-түзсіз жоғалып кеткен «Боздақ» шаруа қожалғының иесі Нұралы Нұртілеуов бір аптадан бері іздестірілуде. Оның мотоциклге мініп, жылқы іздеймін деп шығып кеткенін бұған дейін де жазған болатынбыз. Жылыой ауданындағы Иманқара тауының маңында орналасқан шаруа қожалығынан бірнеше шақырым жерден жоғалған азаматтың заттары табылды. Арада екі күн өткен соң, 70 шақырым жердегі иесіз қыстақ қорасынан әкесінің мотоциклын тапқан оның ұлы көлік құралында қан іздері болғандығын айтады.

*Видео: "АтПРЕСС"

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости