Куәгерлердің сөзінше, бұл ыстықта жұмыс жасағаннан болған.
«Тәулік бойы бұл жылқылар адамдарды тасып, соңында естерінен танып құлайды. Олардың иелерінің не ойлағаны бар, түсінбеймін. Мұның бәрі менің көз алдымда болды. Жануар қозғалмастан жатты. Тұрғындар көмектесуге жүгірді. Біреуі бір литрлік су алып келсе, тағы бірі жылқыны жіп пен темір-терсектен босатты. Арада 40 минут өткен соң жылқы есін жиды. Мұндайда көзге жас келеді. Бұған қашан тосқауыл қойылады?», - деп ашынды жергілікті тұрғын Алпамыс.
Куәгерлер оқиға орнына полицейлер келіп, адамдарды таратып жібергенін айтады. Демалушылардың айтуынша, жалға берушілер сағат 19.00-ден бастап 40 градус ыстықта жұмысқа кірісіп, түн ортасына дейін жалғастыраады екен. Айта кетейік, Қазақстанда соңғы айда жануарларды қорлау дерегі күрт көбейіп отыр. Осы орайда, зооқорғаушылар қатыгездер үшін жазаны күшейту бастамасын көтеруде. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаев аталған жайттарға орай жазаның қатаңдатылуы мүмкін екенін хабарлады.