Бұл туралы Майами-Дэйд округінің мэриясы мәлімдеді. 10 шілдеден бастап хабар-ошарсыз кеткендердің тізімі 12 адамға азайды, тек төрт адам табылды. Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, 71 адамның жеке басы анықталған.
Еске салайық, 24 маусымда Майами-Дейд округіндегі Серфсайд қаласында көп қабатты ғимарат жартылай құлады. Нәтижесінде 160-қа жуық адам қирандылар астында қалды. Апаттан кейін ғимаратқа елеулі құрылымдық зақым келгені 2018 жылы жүргізілген тексеру кезінде белгілі болғандығы анықталды.
8 маусымда үй құлаған жерде адамдарды құтқару операциясы аяқталды. Үкімет енді қалпына келтіру жұмыстарына ауысу керек деп шешті.