RSS лента

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру жұмыстары жалғасуда

  • 05.01.2024, 10:08,
  • 322
  • 0
  • Автор:
Автор фото: t.me/qr_tjm

Опырылу орнында әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекаралары тұрақты емес, деп хабарлайды Turantimes.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар.


Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. Оқиға орнында барлығы 97 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.


Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыналтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне 4 жолаушысы бар автобус құлады


Қазіргі уақытта апат орнынан 2 адамның денесі табылған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости