RSS лента
---

Түркістан облысының прокуроры жұмыс орнында қайтыс болды

  • 09.03.2023, 16:03,
  • 507
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: gov.kz

Өлімнің алдын-ала себебі – инфаркт. Марат Әлихановтың кенеттен қайтыс болуы туралы ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.

 

Марат Тілеуқабылұлы Әлиханов 1965 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін “Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Өз мансабын 1989 жылы Ақтөбеде қадағалау органдарында бастаған. Сондай-ақ Ақсу аудандық сотының судьясы, Екібастұз ауданының, Ақсу ауданының және Павлодар облысы Павлодар ауданының прокуроры қызметін атқарды.


Кейін Марат Әлиханов Бас прокуратура басқармасын басқарды. 2012 жылдың қазан айында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментін басқарды.

2014 жылдан 2018 жылға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылдың ақпан айынан бастап Марат Әлиханов Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости