Қайғылы оқиға Мадхья-Прадештегі Индаур қаласының ғибадатханаларының бірінде болды. Тұрғындар индустардың Рамнавами мерекесін тойлауға жиналды. Ғибадатхана бірнеше жылдан бері мақсатына сай пайдаланылмаған ескі құдықтың үстіне салынған. Көпшіліктің салмағына шыдамай, ғимараттың едені құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News сайтына сілтеме жасап мәлім етті. Рамнавами мерекесінің "Хаван" от рәсімі кезінде бетон плитасы құлады.
"18 адамды құтқардық, 35 адам мерт болды, 16 адам жарақат алды", – деді жергілікті мемлекеттік қызметкерлердің бірі.
Өлім саны одан да көп болуы мүмкін.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда. 75-тен астам адам құтқаруға атсалысуда, әскерилер үйінділерді бөлшектеп, адамдарды арқан мен баспалдақ арқылы құдықтан шығарып жатыр.