RSS лента

Абай облысындағы өрт орнына вице-министр барды

  • 24.05.2023, 09:52,
  • 417
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР ТЖМ

Абай облысының Бородулиха ауданындағы өрт орнына вице-министр генерал-майор Марат Күлдіков барды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

2023 жылғы 22 мамырда сағат 15:25-те Абай облысының Бородулиха ауданында, Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта (Алтай өлкесі РФ аумағынан Новенькая ауылынан өтті) құрғақ шөптің жануы орын алып, кейіннен "Семей Орманы"мөр аумағына көшті. Өрттің жалпы аумағы 1500 Га. Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды.


Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды. Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстары ТЖД 133 адам мен 26 бірлік техникадан құралған күштері мен құралдары жіберілді. Сондай-ақ Қарағанды қаласының әуежайынан "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы (4 адам) ұшып шықты. Тәулігіне 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.


Өрт орнына вице-министр генерал-майор Марат Күлдіков келіп жетті. Командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасауда.


* Дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық.




Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости