RSS лента

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында болған апат орнында 2 адамның денесі табылды

Автор фото: gov.kz

Құтқару жұмыстары мен зардап шеккендерді шығару қосымша опырылып кету қаупіне байланысты қиындауда, деп хабарлайды Turantimes.kz облыстың ТЖД сілтеме жасап. 

Бүгін түнгі сағат 01:25 шамасында Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне 4 жолаушысы бар автобус құлады. Қирандының алдын ала ұзындығы 150-200 м, ені 500 м. қирандының тереңдігі 150 м.


Департамент мәліметінше, апат кезінде автобуста 4 адам болған: КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.


Қазірде жедел штаб ұйымдастырылып, облыс әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы оқиға орнында.  Психологтар жұмыс жүргізуде.


Авариялық-құтқару жұмыстарына «Майқайыңалтын» АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖ департаментінің құтқарушылары жұмылдырылды. Барлығы 44 адам,13 техника мен бір ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости