Жалпы республика аумағында 2022 жылы үй құстарының арасында жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 16 370 180 басқа егу жоспарланған. 6 айда 6 028 810 бас егілді
Айта кетелік, өткен айда Каспий теңізінде шамамен 78 км қашықтықта DS-04, DS-01 жасанды аралдар ауданында 1 мыңнан астам шағаланың өлекселері табылды. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықта өлген құсқа зертханалық зерттеулер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша екі құстан іріктелген сынамаларда құс тұмауының вирусы анықталды. Осы сынамалар диагнозды қайта растау үшін ХЭБ (Ұлыбритания) референттік зертханасына жіберілді.