Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.
"Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осылайша, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеді, бұл 43,5 пайызды құрады. Оның ішінде, отандық -1 (0,5 пайыз), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 16 (9,2 пайыз), басқа елдер - 156 (90,1 пайыз).
Негізінен, бұзушылықтар: Таңбалауға қатысты 100 пайыз, органолептикалық көрсеткіштер бойынша - 3,4 пайыз, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша - 8 пайыз (ойыншықтың құрамында Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды).
Балаларға қауіпті тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді" делінген хабарламада.
Сауда кәсіпорындарында екі айда 3,6 келі ойыншық сатылымнан шығарылды. Бұл құжатсыз сатылған, талапқа сай емес, негізінен Қытайда жасалған тауарлар: қуыршақтар, автотрансформаторлар, көлік жинақтары, стресске қарсы ойыншықтар.