RSS лента

COVID-19: Қазақстанда науқастар азайды, карантин алына ма?

  • 18.05.2021, 11:33,
  • 909
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

 

«Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды» деді министр.

 

Оның дерегінше, өңірлер шегінде 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 36, ал реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 28 пайызды құрап отыр.

 

«Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 49, Алматы облысында - 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 52, Алматы қаласында 47 пайызды құрайды» деді А.Цой.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости