RSS лента

Қазақстанда карантин күшейтіле ме?

  • 12.01.2021, 03:05,
  • 798
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов үндеу жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Соңғы айда Қазақстанның бірнеше өңірінде COVID-19 науқастары көбейді. ҚР «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. Соңғы айда Атырау облысында науқастардың 3,7 есеге өсуі байқалады. Алматы обылсында – 1,8 есеге, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында – 1,5 есеге өскен. Маңғыстау облысында – науқастар саны 81-ден 315 жағдайға дейін, Түркістан облысында – 102-ден 256 жағдайға дейін, Шымкент қаласында 150-ден 195 жағдайға дейін, Қызылорда облысында 48-ден 135 жағдайға дейін өсу байқалады. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай ескере отырып, бүгінгі күні халықтың көп жиналуын азайтуға бағытталған карантиндік шараларды күшейту қарастырылып жатыр.

 

Азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдарынан елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сондықтан, қонаққа бармауға және қонаққа шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырамын, - деді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости