RSS лента

Соңғы кезде суицид пен фейк ақпараттар көбейді

  • 21.11.2023, 17:11,
  • 371
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Соңғы уақытта суицид, жалған ақпарат тарату және жалған жала жабу деерктері көбейіп тұр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселен, Атырауда әлеуметтік желіде таралған бейнежазба бойынша аталған азаматшаның арызы бойынша №1 қалалық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 115-бабына сәйкес, яғни қорқыту дерегімен, өлтiрумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, сол сияқты қорқытудың іске асатынына қауiптенудің жеткiлiктi негiздері болғандықтан сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті қамауға алынған.

 

Бейнежазбада көрсетілгендей күдікті мен жәбірленушілерді беттестіру кезінде ұлын қылғындырып қорқытты деген дерек те ғимарат ішінде орналасқан бейнебақылау камерасы арқылы тексерілді. Ондай әрекеттер болмағаны анықталды. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты №2 қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

 

«Мән-жай толық тексеріліп, құқықтық бағасы берілетін болады. Сондай-ақ, бейнежазбада айтылған 1984 жылы туған күдікті әлі де қамауда екендігін қаперіңізге береміз» дейді полицейлер.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости