Шала туған шақалақтың денесі кәріз құбырын тазалау кезінде табылған. Ол ұл бала екені анықталды. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 20 сәуірде сағат 18:15 шамасында Бакинская көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде орын алған.
Енді Қылмыстық кодекстің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.