RSS лента

Жаңа туған баланы қоқысқа лақтырды

Оралда пакетке оралған жаңа туған нәресте табылды, бұл іске қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Zakon.kz жазады. 2023 жылғы 24 сәуірде сағат 11:31 шамасында 102 операторына Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ​оқиға орнына келгеннен кейін қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған ер бала анықталды. Аталған факт ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ- ға тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости