Бұл оқиға бейнежазбаға да түсіп қалған. Одан полиция қызметкерлерінің суицид жасамақшы болған азаматты тоқтатуға тырысқанын көріге болады. Әйтсе де, оқиға қайғылы аяқталды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, суицид құрбаны трамадол дәрісінің әсерінде болған екен. Енді аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.