Таңғы сағат 07:20 шамасында 1977ж.т., азамат 102 операторына «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында тұрған «DAF» маркалы ауыр жүк көлігі ішінен 20 445 000 теңге каражаты салынған сөмкесін белгісіз адамның жасырын жымқырып, окиға орнынан бой тасалағанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының мамандары дереу күдікті көлікті анықтап Мақат ауданының полиция кызметкерлеріне бағыттама берген Geely GC 7 автокөлігі токтатылып, күдікті 1999 ж.т. анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша Мақат ауданының Полиция бөлімі ҚК-тің 188-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.