RSS лента

Атыраулық тұрғын блогерге қатысты сұмдық жайттармен бөлісті (+видео)

  • 15.11.2023, 13:03,
  • 286
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Атыраулық блогер Сәндуғаш Көкеноваға шағымданған көпбалалы әйел Ішкі істер министрлігіне бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


«Сәндуғаш Көкенова мені өзінің үкіметтік емес ұйымының ватсап-чатынан шығарып жіберді. Себебі, мен оның бұйрықтарына бағынғым келмеді, оның ойымен келіспейтін тұстарым болды. Мәселен, ол бір адамды қаралау керек деп бұйырса, мен еш негізсіз қаралағым келмеді. Ондай жағдайда көпбалалы ана ретінде ешқандай көмек алмайтынымды айтты. Кейін ол сол ұйымдағы аналарды түн ішінде менің үйіме жіберіп, қоқан-лоқы көрсетті. Ұялы телефонымды тартып алып, ішін қопарып, баламның телефонын алып кетті. Қайтаруын өтінгенімде, оған құлақ аспады. Тамыздың жетісі күні полицияға арыз бердім, содан бері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ»деді ол.

 

Осыған орай Turantimes.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне хабарласып, мән-жайды сұрастырды.

 

«Әлеуметтік желіде 1987 жылы туған әйел азаматшаның бейнежазбасы таратылған болатын. Ол 6 тамыз күні №2 қалалық полиция бөліміне өзіне таныс әйелдердің үйіне  келіп телефонын тартып алып кеткені жөнінде хабарлады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 1-бөлігімен, яғни, "Өздігінше билік ету" дерегімен тергеу басталған. Жәбірленуші көрсеткен күдікті азаматша баласының телефонын өз еркімен жөндету үшін алдым деп көрсеткен. Телефон иесіне қайтарылды. Тараптардан жауап алынып, беттестіру жүргізілді. 1 қарашадан бастап қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігімен сараланып, тергеу амалдары жүргізілуде» дейді департамент мамандары.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости