RSS лента

Көпірден секіретіндер көбейді... (+видео)

  • 13.11.2023, 17:36,
  • 470
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Өңірде көпірден секіріп, суицид жасау қауіпті үрдіске айналып барады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселен, кеше 12 қараша күні сағат 17:52 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері көпірден өз-өзіне қол жұмсамақ болып, суға секіргелі тұрған азаматты байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Оқиға орнына  патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Данабек Сақуов пен Болатбек Азимов 3 минут ішінде жетті. Ал, оған дейін оқиғаға бейжай қарамаған тұрғындар көмекке келген. 31 жастағы ер адаммен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, шұғыл құтқару әрекеті жасалды.

 

«Қазір 1993 жылы туған Батыс Қазақстан облысының тумасы жедел-тергеу тобына тапсырылды» деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.


 

Ал, бүгін 13 қарашада сағат 15:00-де Атырау қаласында орталық көпірден белгісіз әйел секіріп кеткені жөнінде полицияға хабарлама түсті.

 

Шақырту орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті.  Бұл туралы Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Сағат 15:07 минутта бас құтқарушы Берікқали Айдаров, құтқарушылар Ернар Ануарбеков  пен Айдын Бағыттың жедел әрекетінің нәтижесінде суға батып бара жатқан азаматша аман-есен құтқарылды. Құтқарушылар 1999 жылы туған әйел адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

 

Қазір әйел адамның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауында.

Оставить комментарий
Последние новости