RSS лента

Депутат зейнет жасын төмендетуді ұсынды

  • 22.04.2021, 04:05,
  • 738
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Депутат Ерлан Смайылов мүгедектердің зейнет жасын төмендеткенде денсаулықты, диагнозды, еңбек сипатын және тағы басқа мәселелерді ескеру тігін айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Бүгінде мемлекет тарапынан мүгедек адамдардың құқығы мен мүддесін қорғауға арналған бірқатар шара атқарылып жатыр. Алайда жұмыс істейтін мүгедек адамдардың зейнет жасын төмендету мәселесі назардан тыс қалған.

 

Мүгедектерді жұмыспен қамту және оларға толыққанды жағдай жасау маңызды басымдық екені даусыз. Сонымен бірге мүгедек ересек адамдардың физиологиялық жай-күйін, денсаулық жағдайын да ескеру қажет. Жас өткен сайын ауру күшейеді және мүгедек адамдарға 63 жасқа дейін жұмыс істеу қиынға соғады. Соған қарамастан олар жұмыс істеуді жалғастыра береді. Өйткені мүгедектік бойынша алатын жәрдемақы мардымсыз. Сосын зейнетақыны көбірек алу үшін зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеуге мәжбүр.

 

Бірақ олар көп балалы аналар секілді орташа 55 жаста зейнетке шығу керек. Зейнетке шыққан мүгедек адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру тетігі жеке пысықтауды қажет етеді. Мысалы, бүгінгі күні мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақыны және қосымша зейнетақының бір бөлігін алуға болады.

 

Бүгінде мүгедектердің шығыны көп. Олар медициналық препараттар мен қызметтерге біраз ақша жұмсайды. Бұдан бөлек, көмекші құрылғыларды сатып алу қажет. Сол себепті мүгедек адамдар зейнетке шыққаннан кейін де еңбек ету құқығынан айырылмауы қажет» деді халық қалаулысы Үкімет отырысында. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости