«Бізде мүгедек балаға күтім жасаған жылдар еңбек өтіліне есептеледі және үш зейнетақының жиынтық мөлшері еңбек өтіліне байланысты. Жинағыңыз болмаса, зейнетақы өте аз шығады. Жалпы біз зейнетақы жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлейміз, соның аясында сіздің ұсыныстарыңызды қарастырып, зерделеуге болады» деп мәлімдеді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Естеріңізде болса, Мәжіліс депутаты Александр Милютин ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Оның ойынша, қазіргі зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгертуді қажет етеді және ең төменгі базалық зейнетақы жыл сайынғы түзетумен орташа жалақыға тең болуы тиіс.