RSS лента

Белгілі қоғам қайраткері маңызды мәлімдеме жасады!

Автор фото: baribar.kz

Қазір қоғамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Асылы Османның пікірі қызу талқылануда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Мəселен, жуырда Петропавлдағы бауырлардың сəл де болса бас көтеруі маған мүлдем ұнамады, - дейді ол. – Біз бұған дейін бұл қалаға «Қызылжар» атауын беру жөнінде біраз қадам жасағанымыздың өзі елдік тұтастығымызды нығайту емес пе еді?! Ал, көршілес елдердегі қақтығыс пен соқтығысты пайдаланған арандатушылардың əрекетіне, олардың жетегіне еру барып тұрған сатқындық. Бұдан басқа, былтырғы қаңтардағы оқиға да ел-жұртты дүр сілкіндірді. Мұндай жағдайлар сырттан келгеннің де, өз арамыздағы кейбіреулердің де ниетінің дұрыс емес екенін байқатып қалып жүр. Сондықтан, елдік тұтастығымызға нұқсан келтіргісі келгендердің алдын алу маңызды. Бұл үшін əуелі 30 жыл бойы тəуелсіздіктің тірегі болған бірлігіміз бен достығымызды алға қою керек. Осынау байтақ далаға сонау отызын[1]шы жылдардан бері өзгелерді тоғытып əкелгенде кеудесінен итермей, бір үзім нанын бөліп берген қазақ халқының дархандығында шек жоқ қой, шіркін! Өз басым дана халықтың мейірімділігі мен қайырымдылығына, кішіпейілдігі мен ешкімді бөліп-жармайтын ақкөңілдігіне ерекше бас иемін. Сол кездегі жалпы тіршіліктің ұйытқысы болып, бірлік пен тыныштықтың бастауында тұрған қазақ болатын. Біз еш нəрсені халықтан жасырмау[1]ымыз керек. Дүниеде əділеттілікке, шы[1]найы шындыққа ештеңе жетпейді. Бірақ, əрқайсымыздың өзіндік шындығымыз бар. Сол көп шындықтың бір ақиқаты болуы тиіс. Қандай нəрсе болса да осы ақиқатқа жүгіну маңызды. Бұл ақиқат – елдегі тыныштықтың да, ұйытқының да негізі болатын осы топырақтың иесі – қазақ халқы. Қазақтың жан дүниесін ұғып, оның болмысына бойлау үшін қазақпен етене жақын болып, оның тілін білу керек. Сонда ғана осы халықтың жанын ұғасыз, оның кім екенін, сізге жасаған қадір-қасиетін ерекше сезінесіз, əрі қастерлейсіз.

 

Елде кейбір түсінбестіктің болып жатқанын сөз еткенде əңгіме ауаны тіл тағдырына келіп тіреледі. Осы уақытқа дейін қазақ тілін өз тұғырына қондыра алмағанымыз біраз келеңсіздікті туын[1]датты. Əрине, əлеуметтік жағдай қай елде оңып тұр дейсіз?! Керісінше, кейбір көрші мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның əл-ауқаты көш ілгері. Бірақ, кейінгі кезде бай мен кедейдің арасындағы алшақтық көбейді де, келеңсіздіктердің көпшілігі соның кесірінен болып тұр. Мұның барлығы – əділетсіздіктен! Төле би бабамыздың «Халқыңа əділ бол! Жауыңа қатал бол! Досыңа адал бол!» дегені бар. Осы принципті қазақ топырағын басып, суын ішіп, ауасын жұтып жүргеннің бəрінің бірдей сақтай алмай отырғаны өкінішті. «Жатсыну – жаттың ісі, жатырқамау – хақтың ісі», ол анық. Ендеше, біз неге хақтың ісін ұстанбаймыз? Қазақ осын[1]шама халықты өзінің төріне шығарып, орнықтырғанда бір сəт те жатсынып, қабақ шытқан жоқ қой. Сондықтан, біздің осындай дархан халыққа қайтарымымыз болуы қажет. Оңнан солға, солдан оңға оқысаңыз да бір мағына беретін «қазақ» атауы еш жерде кездеспейді, тек осы ұлтқа ғана тəн. Қазақтың даналығына да, даралығына да бəс жетпейді. Қазақты құрметтеп, тілін, салт[1]дəстүрін бойына сіңіріп алғаны соншалық, тіпті сыйлас құдандалы болып етене жақындасып жатқандар əрине бар. Бірақ «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, арамызда арандатушылардың бары көңілге кірбің түсіреді. Негізінен бір адамның қолынан ештеңе де келмейді. Жалпы қоғам болып тыныштық пен бірлікке, ынтымаққа жұмылған жөн. Осы нəрсені бізге əлі де айта түсу керек. Адам бойындағы қазақ халқына деген патриоттық сезімді арттыруға, елін, жерін сүюге негіз болатын ең басты құрал – тіл. Ал, тіл ортақ болмай, қоғамның топта[1]спайтыны анық. Егер біз бір-бірімізді ұқпасақ, басымыз қалайша бірігеді? Сондықтан мен тілді ұлттың жаны, рухының үні, ең құнды алтын қоймасы дер едім. Араб тілі – басты тіл, парсы тілі – тəтті тіл, түріктің тілі – өнерлі тіл. Сол өнерлі тілдің ішіндегі ең құндысы да, шұрайлысы да, ең байы да – қазақтың тілі. Мəшһүр Жүсіп айтқандай, қазақтың тілі – гауһар тіл. Осының барлығын біле тұрып, біз неге өз жерімізде, өз топырағымызда тұрып 30 жыл бойы мемлекеттік тілді өз тұғырына қондыра алмаймыз? Елдегі кейбір азаматтардың қазақ тілін білмегендіктен де ұлтты қадірлей алмай, халықтың асқан ерекшелігі мен болмысына бойлай алмай жатқаны рас. Соның кесірінен патриотизмнің төмендігі байқалады. Қазір ұлдардың əскерден қашып жатқаны да содан. Шұрайлы тілдің қадірін жетік білмегендіктен де тəрбие де[1]ген ауыл алыстап барады. Бүгінде əлемдік деңгейде білім алған əрине, жақсы. Бірақ қазақ тілін, ата-баба[1]дан мирас болған дəстүрлерді біртіндеп ұмыта салуға болмайды. Бала былдырлап тілі шыға бастағаннан қай тілде сөйлесе, қай тілде білім алса, кейін сол тілде ғана қызмет етеді. Ал, қазақтың кемеңгерлігі мен құндылықтарын ұрпақтың бойына дарыту үшін əуелі тіліңмен сол тəрбиені жеткізе білу керек қой. Мен қазақ халқын ерекше құрметтеймін. Дана халықтың алдын[1]да арым таза, жүзім жарқын болсын деп, Махамбеттің тілін қылыш ету үшін, Абайдың, Мұхтардың, Ахметтің, Мағжанның тілін ырыс ету үшін үйрендім. Құдайға шүкір, қазақтың өткір, шұрайлы, бай тілін орны келгенде Махамбетше қылыш етіп пайдаланамын. Құдіретті сөзден өткір ешнəрсе де жоқ. Міне, қазақтың тілінің арқасында мен осы халықтың жан дүниесін ұғамын, терең түсінемін, қадірлеймін. Қазақ та мені солай биікке көтеріп, бауырына басады, маңдайымнан иіскеп, арқамнан қағады, басымнан сипайды. Орыс тілді мектептерде оқып, білім алған бала сіз жығылып жатсаңыз, үстіңізден аттап өтеді. Ал, қазақ тілінде оқып білім алған ұрпақ мүмкіндігінше тұрғызады, демейді, сүйейді, қамқорлығын жасайды. Əлгіндей шама[1]сы жетпей жатса, аттап емес, айналып өтеді. Бұл тіл арқылы бойына дарыған адамгершілік пен имандылығынан. Тіл – бір-бірімізді ұғындырушы, түсіндіруші құрал дегенімізбен, бұл ұлттың ең құнды дүниесі екенін ұмытпасақ игі.

 

Жасыратыны жоқ, қазір батысқа қарай бет бұрып, қазақы құндылықтардан біраз алыстап барамыз. Бала кезімізде қазақтың ұлттық салт-дəстүріне ерекше мəн берілетін. Бүгінде оны қайта жаңғыртып, алға жылжудың мəні зор. Отбасы – мектеп – қоғам. Осы үш тағанның тығыз байла[1]нысы керек. Осы тұста негізгі əңгіме ауа[1]ны тағы да тілге келіп тіреледі. Қазақ тіліне деген сұраныс мықты болуы керек. Талап қажет. Осыдан келіп адамда оны түбегейлі үйренуге ниет пайда болады. Мəселен, біз балаларды шетелге оқуға жібереміз. Олар қалай десе де бір жылдың ішінде сол елдің тілін меңгеріп алады. Неге? Мұның себебі əрине қажеттіліктен. Осы секілді Қазақстанда да қазақ тіліне деген қажеттілікті қалыптастыру керек. Біздің елде сырттан келгенді айтпағанда өз ішімізде қазақ тілін сұрамайды, мемлекеттік тілдегі сөйлеу деңгейін тексермейді. Керісінше, орыс тілі мен ағылшын тілін білуге басымдық берілген. Кейінгі кезде ағылшын тілі сұраныста. Адамға бірнеше тілді меңгерген əрине дұрыс. Қанша тіл білсең өзгеден сонша озық тұрасың. Бірақ өзің тұрған елдің мемлекеттік тілін меңгеру осы елдің ауасын жұтып, топырағын ба[1]сып жүрген əр азаматқа ортақ болғаны жөн. Сонда ғана қазақ елінде ұлтқа, елге деген патриоттық рух артады. Содан кейін осы далада жүрген əр адамда «елім, мемлекетім» деген сезім пайда болып, қазақты сүюге деген ниет күшейеді. Қазақ «малымды алсаң ал, ниетімді алма» деп бекерге айтпаған ғой.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости