RSS лента

Тариф саясатын қайта қарау қажет

  • 11.09.2023, 02:26,
  • 288
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезекте жергілікті шикізаттың, білікті кадрлар мен тауарлардың мейлінше жоғары деңгейде жұмысқа тартылып, кеңінен пайдаланылуын, яғни жаңа өнеркәсіптік саясатқа, осылайша дамудың сапалық жағынан мүлдем жаңаша моделіне көшуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Экономика магистрі, заңгер Балжан Досмұхамбетованың айтуынша, мемлекет басшысы бірімен бірі өзара тығыз байланысты бірыңғай технологиялық жүйені құрайтын электр энергиясымен, жылумен жəне сумен жабдықтаушы ресурстарды тиімді əрі ысырапсыз пайдалану қажет. Өйткені, дəл осындай жүйе адамдардың жайлы өмір сүріп, алаңсыз тіршілік етуіне қажетті жəне қолайлы жағдай жасайды. Сол себепті де бұл игіліктерді пайдалануға асқан жауапкершілікпен жəне ұқыптылықпен келу керек. Мұндай көзқарас елімізде жаңа тұрмыстық мəдениеттің негізін қалайтыны даусыз. Осылайша, бүгінгі таңда бұл ресурстардың үнемделуі мен сақталуына қожайындық көзқарас таныту мақсатында жаңа шешімдер қабылдап, тарифтік саясатты қайта қарау, сондай-ақ тарифтерді қалыптастырудың жаңа, мейлінше тиімді əдістерін енгізу керек.

 

– Мен бұған дейін де «тарифтерді тұтыну көлеміне қарай белгілеген дұрыс болар еді» деген пікірімді ашық білдірген болатынмын, - дейді Б.Досмұхамбетова "Atyray" газетіне берген сұхбатында. – Нақтыласам, менің бұл ұсынысым жоғарыда айтып өткенімдей, тарифтерді көрсетілетін қызмет немесе тұтыну көлеміне қарай белгілеу жөнінде еді. Қазірдің өзінде мұндай тариф Қарағанды облысында сумен жабдықтау саласында қолданысқа енгізілген. Ендеше, тəжірибеде бар нəрсені өз жерімізде неге қолданбасқа? Біздің ойымыз Мемлекет басшысының пікірімен орайласқаны көңілімізге қуаныш ұялатып, сенімімізді нықтай түсті.

 

Оның үстіне, табиғи монополия субъектілері тарифтерінің бірден бес жылға бекітілетіні де белгілі. Əйткенмен осы уақытқа дейін монополистер пайдасынан гөрі шығыны көп əдіспен жұмыс жасап келді. Былайынша айтқанда, олар əуелі шығын көлемін өсіріп алады, кейіннен оны азайтып, қысқартуға тырысады. Алайда, мұның өзі көп жағдайда күткендегідей нəтиже бермейді. Ақырында келіп, қыруар шығынға батып, зиян шегеді. Осыны қаперге ала отырып, «Табиғи монополиялар туралы» заңда атап көрсетілген тарифтің ынталандырушы əдісі неге тəжірибе жүзінде қолданысқа енгізілмеген?» деген сауалға жауап іздестіріп көргенбіз. Сонда мұндай шешімді қабылдау сайып келгенде монополистердің өздеріне байланысты екеніне көзіміз жетті. Бұл жөнінде де Президент өз ойын ашық айтты.

 

«Баршаңызға мəлім, соңғы кездері монополия субъектілерінің тарифтері 5-7 жыл мерзімге бекітіліп жүр. Дегенмен қазіргі таңда қалыптасқан ахуалға қарай оларды қайтадан саралап, тұтастай алғанда тариф саясатын қайта қарастыру керек. Ол үшін реттеуші жəне ынталандырушы механизмдерді қолданысқа енгізу қажет» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

 

Мемлекет басшысының мұндай тұжырымға келуі бəріміздің де көкейіміздегіні дөп басты. Сондықтан да оны міндетті түрде орындалуға тиісті талап əрі тапсырма ретінде қабылдап, іске асуына мүдделі болғанымыз дұрыс деп санаймын. Соның ішінде, жаңа тариф саясатын қалыптастыруда ынталандырушы əдістің атқаратын рөлі маңызды екенін баса айтқым келеді. Өйткені, бұл əдіс бірінші кезекте қызмет сапасын көтеруге тікелей əсерін тигізіп, оң ықпал етеді. Ескерер бір жайт, монополистердің жауапкершілігін арттыру мəселесі. Анығын айтқанда, бұл ұғым олар үшін ең маңызды критерийге айналуы тиіс.

 

Президент атап өткендей, жаңа тариф саясатын жүзеге асыру барысында бұл саладағы бақылауды күшейту үшін сандық құрылғы-құралдар қолданылып, азаматтардың тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы жайында ақпарат алуға қолжетімділігі артады. Сайып келгенде, мұның бəрі тариф саясатына сындарлы көзқарас танытатын кез жеткенін аңғартқандай.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости