RSS лента

БЖЗҚ активтері өнеркәсіпті қаржыландыру үшін пайдаланылады

  • 07.02.2024, 11:52,
  • 203
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Бұл ретте Мемлекет басшысы экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек қана нарық талаптарына сай қолдану керектігін ескерді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

«Қажет болса, Үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс. Осы маңызды жұмысқа квазимемлекеттік құрылымдар сияқты делдалдарды қолдан жасаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдай бұрын талай рет болған. Бұл іске тиісті сараптама жасай алатын және қажетті инфрақұрылымы бар екінші деңгейдегі банктерді белсенді түрде тарту керек. Банктерді экономиканың нақты секторына қаржы құюға ынталандыру керек. Үкімет пен Ұлттық банк өзара тығыз ынтымақтасып, бұл жұмысты бірлесе жүргізуге тиіс. Жалпы, Ұлттық банк инфляция үдерісі мен экономиканың өсімін бақылап отыруды көздейтін тиімді жалпымемлекеттік саясатты ұстануы керек»6 - деді Президент. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости