RSS лента

Тоқаев әкімдердің инвестиция тарту бойынша жұмысын қатаң тексеретін болады

  • 07.02.2024, 11:13,
  • 147
  • 0
  • Автор:

Мемлекет басшысы кеңейтілген отырыста әкімдер инвестиция тартудың орнына ескі әдетке салып, бюджет қаражатына сеніп отыра беретіндігін бетке басты, деп хабарлайды Turantimes.kz 

"Жобалардың іске асырылуын қадағалайтын тиімді мониторинг жүйесін іске қосу керек. Мемлекеттік органдар пайдасы жоқ презентациялар мен іс-шаралар өткізумен әуестенбеуге тиіс. Мекеме басшыларының шетелге жасаған әрбір іссапары нақты нәтиже беруге тиіс. Сапар қорытындысы бойынша Үкімет басшылығына, немесе, қажет болған жағдайда Президентке есеп берілуі керек". 


"Ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Даму институттарының жұмысын жандандырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет. Ең бастысы, Инвестициялық штаб қажетті шешімді дер кезінде қабылдауы керек", - деді Президент. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости