RSS лента

32 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ

  • 20.07.2023, 20:30,
  • 392
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында осы жылы қандай маңызды инвестициялық жобалар пайдалануға берілетіні, мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілетіні және оларды сүйемелдеу қалай жүзеге асырылатыны туралы ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, биыл 281 жобаның тізбесі бекітілді, 32 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 2 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Оның ішінде бүгінде 28 жоба іске қосылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылды. Жобалар саны бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр.

 

    «Осы жылы іске қосу көзделген шойын құю өндірісі бойынша «KamLit KZ» жобасын атап өтуге болады. Бұл - жоғары технологиялық, одан әрі өңдеуді талап етпейтін құю өндірісі бойынша әлемдегі екінші жоғары дәлдіктегі өндіріс», – деп атап өтті ҚР СІМ Инвестиция комитетінің басшысы.

 

Павлодар облысында күкірт қоспаларын шығаратын зауыт іске қосылады. Бұл да экспортқа бағдарланған экологиялық таза жоба. Оның өндірістік қуаты – жылына 240 мың тонна өнім. ЖЭК саласында «ENI» компаниясы Түркістан облысында 50 МГВ электр станциясын іске қосады. Сондай-ақ «Fruit Art» жобасы алма бойынша 5%-ға және жидектер бойынша 100%-ға импортты алмастыруға мүмкіндік береді.

 

    «Министрлік мемлекеттік қолдау шараларының кең спектрін қолдана отырып, инвесторларды қолдау бойынша нақты жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, салық, кеден, мемлекеттік гранттар бойынша артықшылықтар берілген инвестициялық келісімшарттарға қол қою сияқты тетік іске асырылып жатыр», – деді А. Зебешев.

 

2021 жылдың соңында СІМ-ге инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісім жасау функциясы берілді. Бұл инвесторлар үшін Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция секілді негізгі құрал болып табылады.

 

Сыртқы істер министрлігінің қызметі жаңа инвесторлар тартуға ғана емес, қолданыстағы инвесторларды ұстап қалуға да бағытталған. Осы мақсатта елде бірнеше арнайы консультативтік-кеңесші орган жұмыс істейді. Ең алдымен, бұл ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі. Сондай-ақ Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, «Қазақстан-ЕО» диалог платформасы, Премьер-министрдің төрағалығымен Инвестициялық штаб бар. Премьер-министр инвестициялық омбудсмен болып табылады, бұл туындаған дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге мүмкіндік береді, деп атап өтті Комитет басшысы.

 

    «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әрбір маңызды инвестициялық жобаға Бас прокуратура тарапынан сүйемелдеу жүргізіледі. Үкімет аппаратының төрағалығымен жұмыс тобы шеңберінде орталық мемлекеттік органдардың, ЖАО, прокуратураның осы жобаларды сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимыл жасау тетігі әзірленді», – деді Инвестиция комитетінің төрағасы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости