RSS лента

Смайылов: Жеке инвестицияларды тарту экономикалық өсудің маңызды факторы

  • 15.11.2023, 10:04,
  • 201
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында биылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралады, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Смайыловтың айтуынша, барлық негізгі көрсеткіш бойынша Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында көрсеткіштер жақсы.


«Жыл соңына дейін барлық өңір әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуі тиіс. Жеке инвестицияларды тарту экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады. Бұл – біздің басты міндетіміз», - деді Әлихан Смайылов.


Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен өңірлер инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізіп, жоспарланған жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.


Премьер-Министрдің сөзінше, дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында инфляция деңгейін 10,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды.


«Жыл соңына дейін 1,5 ай қалды. Экономиканың өсу траекториясын сақтай отырып, барлық нысаналы көрсеткішті қамтамасыз ету қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости