RSS лента

Үкіметте инвестициялық штабтың жаңа форматтағы бірінші отырысы өтті

  • 07.12.2023, 12:51,
  • 223
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Отырыс Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкіметтің айтуынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инвестициялар тарту жөніндегі кеңеске (Инвестициялық штабқа) ерекше өкілеттіктер беретін Жарлыққа қол қойды.


Роман Скляр штаб мүшелерінің алдына қойылған басты міндет инвестициялық жобаларды жедел түрде іске асыру және жалпы инвестицияларды тарту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру екенін атап өтті.


«Инвестициялық штабтың негізгі міндеттерінің бірі – барлық деңгейдегі инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелерін шешу. Ол үшін қажетті құралдар мен өкілеттіктердің барлығы бар», — деді бірінші вице-премьер.

Сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігі арттырылғанын айтып өтті.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости