RSS лента

Бейбіт Қорған маңызды мәлімдеме жасады (+видео)

  • 30.04.2024, 12:01,
  • 260
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

"Жібек жолы" телеарнасындағы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында Атыраудан шыққан белгілі әнші әлеуметтік желіні шулатқан "некесіз баласына" қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"Айтылатын әңгіме ешқашан қалыспайды ғой. Адам алға баса берген сайын әңгіме көп болады. Ондайға негізі көп көңіл бөлмеймін. Бірақ өсіп келе жатқан қызым отыр, ұлым бар. Бұларға қатты тие ме, жоқ па деп ойламайтын заман болды ғой қазір. Мені тек тура жолда жүрген әкесіндей көріп өссе жеткілікті. Өмірде ешкім пәк емес, періште емес. Әр адамның баспалдағы шығар. Мұның бәрі Алланың сынағы, өтеді де кетеді.

 

Азаматтық іс қозғалып, сот отырысында соттың тарапынан баланың әкесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сот ұйғарымы бойынша осы жылдың 24 қаңтарында Бейбіт Қорған келіп, аталған ұйғарымда көрсетілген міндеттерін атқару барысында биологиялық үлгілерін тапсырды. 27 ақпанда сот барысында барлық қатысушының көзінше сараптама ашылып, қорытындысы оқылғаннан кейін, әкелігі анықталмауына байланысты арызданушы берген арызын қайтарып алды. Сонымен қатар ол соттан шағымды қараусыз қалдыруды сұрады" деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости