53 жастағы азаматшаның туыстарына хабар беріліп, қазір мүрдеге сараптама жасалып жатыр.
– Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 001 кодировкісімен адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі кезде тергелуде. Неден өлгені мүрдеге сараптама тағайындалды. Сарапатама қорытындысымен белгілі болады. Содан кейін нақты шешім қабылданады, — деді Атырау қалалық №1 ПБ анықтау бөлімшесінің бастығы Айбек Мырзағалиев.
Еске салайық, 23 қазан күні көпір үстінен өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі суда жатқан мәйітті көріп, полицияға хабар берген болатын.