RSS лента

Қазақстан Палестинаға 1 млн доллар гуманитарлық көмек жібереді

  • 03.11.2023, 14:04,
  • 350
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Тоқаев бұл мәлімдемені Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Мемлекет басшысы Медиацияның рөлін арттыру мәселесіне көңіл бөліп, келесідей мәлімдеме жасады: 

«Бүгінде Газа Секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы орайда, Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдадым.


Ондаған жыл бойы шешімін таппаған өзекті мәселелерді зорлық-зомбылық көрсету және лаңкестік әдістер арқылы шешу мүлдем дұрыс емес. Қазақстан мұндай тәсілдерді қатаң айыптайды. Ахуал ушығып кетсе, оның салдары тіпті ауыр болуы мүмкін. Бұл ретте кез-келген жанжалды бейбіт келіссөз және дипломатиялық диалог арқылы ғана шешуге шақырамыз. Біз үшін әр елдің аумақтық тұтастығын сақтау және оның ішкі ісіне қол сұқпау – басты басымдық. Халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мүлтіксіз орындау маңызды».

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости