RSS лента

Жалпыға бірдей декларацияға қалай дайындалу керек?

  • 13.12.2023, 18:55,
  • 312
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

2021 жылжың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мұндағы негізгі міндет сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету; жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру; әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов мәлімдеді.

 

Ол елімізде Жалпыға бірдей декларациялаудың екі кезеңі өткенін еске салды, олар мемлекеттік қызметшілер мен теңестірілген тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайларына әсер етті. Барлығы 2,6 млн адам қамтылды.

 

2024 жылдың 1 қаңтарында науқанның үшінші кезеңі басталады. Жеке декларацияны кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаты тапсырады. Осылайша, 2025 жылы 13 миллионнан астам декларация күтілуде.

 

«Декларацияда Қазақстан Республикасында да, шетелде де бар барлық мүлік көрсетілуге тиіс. Атап айтқанда, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, үлестік қатысу шарттары, 10 мың АЕК немесе 34,5 млн теңге шегіндегі қолма-қол ақша, сондай-ақ шетелдегі жылжымайтын мүлік пен автокөлік құралдары көрсетілуі тиіс», – деп түсіндірді спикер.

 

Кейін жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылады (270.00-нысан). Құжатта кірістер, салық шегерімдері көрсетіледі.

 

ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйледі. Ол жалпыға бірдей декларациялау нормаларын түсіндіріп, қатысушы азаматтардың санатын айтып, бірқатар ұсыныс берді.

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тиісті растайтын құжаттарды дайындау, нотариустардан қарыз шарттарын куәландыру және егер 34,5 млн теңгеден астам сома болса, оны банк шоттарына орналастыру ұсынылады.

 

«Декларацияны "e-salyqazamat", "салық төлеуші кабинеті", "электрондық үкімет" мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады, сондай-ақ бүгінгі күні екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында декларацияны тапсыру функциялары іске қосылды. Декларацияны қағаз түрінде де, электронды түрде де 2024 - жылдың 15- қыркүйегіне дейін тапсыруға болады. Құжат тұрғылықты жері байланысты жіберіледі»,- деп атап өтті спикер.

 

Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің болуын осы сайттардан тексеруге болады:

 

1) бағалы қағаздар бойынша – https://portal.kacd.kz;

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша – https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;

3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша – https://gosreestr.kazpatent.kz;

4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu.

 

Камералдық бақылау декларацияның бар/жоқтығын тексеру, декларацияда кірістер мен мүлікті көрсетпеу фактісі, сондай-ақ кірістерді төмендетуге қатысты жүргізіледі. Оның қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру басталады. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі декларацияны ұсынбағандардың әкімшілік жауапкершілігі туралы да айтты. Оларға басында ескерту жасалса, кейіннен айыппұл тағылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости