Жеке кәсіпкерлерге салық салуға ыңғайлы болу үшін бірнеше салық режимдері бар, олардың ішінен ең қолайлысын таңдауға болады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған және жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады.
"Жеке тұлғалардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта төленетін төлемдерден бөлуі туралы бизнес қауымдастықпен, банктермен бірнеше рет талқыланды. Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті одан әрі дамыту, және олар қолма-қол ақшаға көшу мақсатын көздемейді,
2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік есепшотқа түсетін төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда. Осылайша, жеке аударымдарға салық салынбайды. Мәселен, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим жылына 10,3 миллион теңгеден аспайтын табыс үшін қолайлы. Кассаға келетін болсақ, қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар, кәсіпкер кез келген банктің мобильді нұсқасын жүктей алады. Бақылау-кассалық машинаны толығымен заңды негізде қолданыңыз.
Ал салық есептілігі E-Salyq Business қосымшасы енгізілгеннен кейін автоматты түрде қалыптасады. Біз кәсіпкерлерді арандатушылыққа бой алдырмауға және уәкілетті органдардың ресми ақпаратын ғана пайдалануға шақырамыз" деп мәлімдеді еліміздің Қаржы министрлігі.